Алматы облысында жоғары лауазымды полицейдің көлігіне оқ атқан күдікті ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғары лауазымды полицейдің көлігіне оқ атқан күдікті ұсталды.
Күдіктіні 2 шілде күні Алматы облысының полицейлері ұстады. Күдікті 34 жастағы ер адам.
Тергеу аясында күдікті ер адам мінген көлік анықталып, тәркіленді. Күдікті Қазақстан ҚІЖК-нің 128-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қазақстан ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді, - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 26 маусым күні сағат 12.20-да «Алматы-Өскемен» автожолы, «Арқарлы» асуы учаскесі маңында, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жанжал шығып, автокөліктегі белгісіз біреулер қарудан Алматы облысыПД бастығының бірінші орынбасары Ержан Оразбеков отырған автомашинаға оқ атқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Таңертең сергек болу үшін кофеден басқа не ішуге болады
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы