Алматы облысында жеті жасар баланы автобус қағып кетті

Қайғылы оқиға Қарасай ауданына қарасты "Асыл арман" тұрғын үй кешенінің тұрағында болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

JAC автобусының жүргізушісі тұрақ аумағында артқа жүрген кезде, жеті жасар баланы қағып кеткен. Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған жағдайға қатысты Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады,- деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы