Алматы облысында жер үйде газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті

Алматы облысындағы жер үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті. Бет-аузы мен денесі күйіп қалған анасы мен баласы ауруханада жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әйелдің мойны, беті, аяқ-қолы – 35 пайызы күйген. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылып, бүгін бөлімшеге ауыстырылды. Ал баланың аяғының төменгі жағы күйген, - деді Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Дәулет Тастанбеков

КТК телеарнасының хабарына қарағанда, Оқыс оқиға Тұздыбастау ауылындағы үйде болған. Екі қабатты коттедждің сырты бүтін болғанымен, іші бүлінген. 42 жастағы әйел үйдің жертөлесінде жұмысшыларға тамақ істемек болып, кенет газ баллоны лап етіп, баспананың астаң-кестеңін шығарған.

Әйелдің бет-аузы түгел күйіп қалды. Сол сәтте анасының жанында болған 22 жастағы жігіт те жарақат алды, бірақ жарылыс өртке ұласпаған.

Жаңа салынған үйге газ тартылған, бірақ келіншектің не себепті баллон қолданғаны әзірше белгісіз. Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Архив BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы