Кеше 2026, 22:19
Фото: istockphoto.com
Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
2026 жылғы 8 маусымда Астана уақыты бойынша сағат 21:55-те Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді.
ҚР ТЖМ-ге қарасты сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 111 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің координаттары – 42.920° солтүстік ендік, 78.188° шығыс бойлық, тереңдігі – 5 шақырым.
Есептік сезілу қарқындылығы:
- Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылында – 2,5 балл;
- Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалағаш ауылында – 2 балл.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.