Кеше 2026, 23:21
Фото: istockphoto.com
Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді
Эпицентр Алматы қаласынан шамамен 117 шақырым солтүстік-батыста орналасқан.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС бүгін, 8 сәуірде сағат 22:55-те Алматы облысы, Іле ауданы аумағында жер сілкінісі тіркелгенін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Эпицентр Алматы қаласынан шамамен 117 шақырым солтүстік-батыста орналасқан. Күрті ауылында сілкініс 2 баллға дейін сезілді.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен материалдық қираулар туралы ақпарат жоқ.