Алматы облысында желкенді қайықшылар жарысы басталды

Желкенді қайық есуден ел үздіктері Алматы облысына жиналды. Қапшағай су қоймасында желкенді қайық спортынан республика кубогы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған Алматы, Жетісу, Қарағанды, Түркістан және Маңғыстау облыстарынан 70-ке жуық спортшы қатысуда. 10 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы бәсеке 8 күнге созылады. Олардың арасында Өмірзақ Жандәулет, Берік Құбаев, Антон Гаас, Яна Белозерова, Снежана Рау, Таисия Ильина, Илья Иванов сияқты халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері де бар. Барлығы дерлік Алматы облысының атынан сынға түсетін өрендер.

Ұйымдастырушылар жарысты ұйымдастырудағы мақсат – cу спорты түрлерін белсенді демалыс ретінде кеңінен насихаттап, кәсіби спортшылардың бір бірімен тәжірибе алмасуына жағдай жасау екендігін айтады.

Өткен жылы мына Тайландта болды Азия чемпионаты. Ол кезде де біздің жігіттеріміз еліміздің төңірегінен 7 адамымыз қатысып, өздерінің өнерлерін көрсетті. Бүгінгі таңда енді біздің алдыға қойған мақсатымыз өте үлкен. Қайықтарымыздың іштерінде 10-15 жыл болған қайықтар бар. Негізі қазір жаңадан алып жатқан қайықтарымыз да бар, 4-5 жыл болған. Алдағы уақытта осының барлығына көңіл бөліп, материалдық жабдықтау мәселесін көтерсе, оларды бір жаңартып берсе дейміз. Себебі көп нәрсе осы біздің қайықтарымызға байланысты, - дейді ҚР желкенді қайық спорты федерациясының вице-президенті Мақсұт Нарбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы