Бүгiн 2026, 08:11 Фото: Скриншот

Алматы облысында жедел жәрдем көлігі батпаққа батып қалды

Көлік өздігінен қозғала алмай, медицина қызметкерлері жолын жалғастыра алмаған.

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылында шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем көлігі батпаққа батып қалды. Көлік өздігінен қозғала алмай, медицина қызметкерлері жолын жалғастыра алмаған.

Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушылары жоғары өтімді арнайы техниканың көмегімен жедел жәрдем көлігін арқанмен тартып шығарып алды.

Осының арқасында дәрігерлер науқасқа уақытылы жетіп, қажетті медициналық көмекті көрсету мүмкіндігіне ие болды.