Алматы облысында жасырылған қару табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында жасырылған қару табылды. Бұл ткралы ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев мәлімдеді.
Алматы-1 станциясындағы көлік полициясының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында темір жолдан бес метр қашықтықта қараусыз қалған ғимараттан 12 калибрлі «Форд 500» маркалы тегіс ұңғылы қару (нөмірі өшірілген), 60 патрон, бронды кеудеше және «Хиотей» маркалы радиостанциясын анықтап, тәркіледі. Қару-жарақ пен оқ-дәрілер көрпеге оралып, үстіне қоқыс тасталып, құм себілген.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 287-бабына (қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар анықталуда. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді, – деді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан мен Таиланд арасындағы дипломатиялық қатынаса 30 жыл
Өзгелердің жаңалығы