Алматы облысында «Жастардың жол картасы» әзірленуде

Астана, BAQ.KZ. Алматы облысында «Жастардың жол картасы» әзірленіп жатыр. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.

Жеті бағыттан тұратын бұл құжатта кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін инновациялық идея авторларына қолдау, жас отбасыларға көмек көрсету, ауылдағы жастармен жұмыс істеу мәселелері егжей-тегжейлі қамтылған. Соған сәйкес, әр ауылда бос уақытты тиімді өткізу орталықтары құрылады. Өткен жылы Алматы облысындағы 10 ауданда осындай 18 клуб ашылған болатын. Қазір онда 40 мыңнан астам жас барып жүр.

Сондай-ақ, әрбір ауданда жастарға қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей бастайды. Жетісу жерінде «Жастардың жол картасын» жүзеге асыруға 2 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалады.

«Жетісу стайл» фестивалі мен «Жұмысшы жастар форумы» сияқты кең ауқымды шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз. Шетелдерде білім алып жатқан студенттер форумын да ұйымдастырамыз. Біз олардың туған елге оралып, осында жұмыс істеуіне барынша жағдай жасауымыз керек», - дейді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дәурен Алдабергенов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы