Алматы облысында жасөспірімдер оқушы қызға азғындық жасады деген күдікке ілінді

Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылында мектеп оқушыларының қатысуымен болған оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы 14 қазанда Жамбыл аудандық білім бөлімі мәлімдеді. BAQ.KZ бұл туралы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін Қазнетте бірнеше адамның мектеп оқушысын зорлағаны туралы ақпарат тараған. Оқиғаны олар видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде таратқан. Қыз баланың жетім екені белгілі болды.

Білім бөлімінің мәліметінше, мектеп директоры 13 қазанда құқық қорғау органдарына 2025 жылғы 21 қыркүйекте болған оқиға туралы хабарлаған. Ол жеке үйде, яғни мектеп аумағынан тыс жерде және сабақтан тыс уақытта болған.

Тергеу органдары бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 124-бабының 1-бөлігі ("Кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер жасау") бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті процессуалдық шаралар жүргізілуде.

Зардап шеккен жасөспірімге облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандары көмек көрсетіп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы