Алматы облысында жас күйшілердің байқауы өтеді
Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында 6 шілде күні Республикалық «Үкілі домбыра» атты жас күйшілер байқауы өтеді.
Аталған байқауды Алматы облысының ішкі саясат басқармасы, облыстық «Рухани жаңғыру орталығы ұйымдастырып отыр.
Шараның басты мақсаты - қазақ халқының ұлттық өнерін ұлықтап, мәдени дәстүрін насихаттау, күй жанрының дамуына серпін берумен қатар, жас домбырашылардың орындаушылық шеберлігін жетілдіру арқылы ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру.
Байқау 2022 жылғы 6 шілде күні, сағат 10.00-де басталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жас дипломаттар «Уақыт капсуласын» салды
Өзгелердің жаңалығы