Алматы облысында жаппай төбелес болып, бір адам қаза тапты

Талғар қаласында 4 қазанға қараған түні жас жігіттер сөзге келіп қалып, арты жанжалға ұласқан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізіліп, олардың бірі алған жарақатынан жан сақтау бөлімінде қайтыс болды.

Аталған жағдайға Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.

Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық қатысушылары ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайының толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Қылмыстық істі тергеу облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, - деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы