Алматы облысының Полиция департаменті мәліметінше, Іле аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Междуреченский ауылындағы жаппай төбелестің барлық себебі мен мән-жайы, сонымен қатар төбелеске қатысқандар анықталатыны хабарланған.
Полиция мәліметінше, тұрғындардың ешқайсы төбелестен кейін арыз түсірмеген және ауруханаға ешкім дене жарақатымен жүгінбеген. Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланатыны айтылды.