Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы-Өскемен тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан 4 адам қайтыс болып, біреуі зардап шекті. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Қайғылы жағдай Алматы – Өскемен тас жолының 110-шы шақырымында орын алып,Toyota Windom мен Lexus LX 570 көліктері соқтығысқан.
Көліктердің бірі бұрылып жатқанда қарсы бағытта келе жатқан екіншісі келіп соғылған. Оқиға орнында Toyota Windom көлігінің 21 жастағы жүргізушісі мен үш жолаушы көз жұмды. Сондай-ақ Қапшағай ауруханасына түрлі жарақатпен 50 жастағы әйел жеткізілді, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Тергеу Қылмыстық кодекстің 345-бабы, яғни көлік рөлінде отырған адамның абайсызда екі және одан көп адамның өліміне әскеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы бойынша жүргізіледі. Қажетті сараптамалар белгіленді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы