Алматы облысында жанармай құю станциясында жарылыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы Есік қаласында жанармай құю станциясында жол-көлік апаты салдарынан жарылыс болды.
Алматы облысы ТЖД қызметкерлері мен қызметтік көліктері өртті сағат 10:52-де ауыздықтады.
Апат салдарынан термиялық күйік алған "Лэнд Крузер Прадо" автокөлігінің 1948 жылғы жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Оның денесінің 90% күйік шалды, жағдайы ауыр. Тағы бір зардап шеккен адам - автожанармай құю станциясының 1990 жылғы операторы. Оның кеудесіне зақым келген, дегенмен алғашқы медициналық көмектен кейін үйіне жіберілген, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, станцияға жақын орналасқан көпқабатты үй мен жер үйлерге зақым келмеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әуе кемесіне ұшқыш Якуп Пархатовтың есімі берілді
Өзгелердің жаңалығы