Алматы облысында жалған полицей ұсталды

Тәртіп сақшысының киімін киген ер адамның күдікті әрекеттері алдымен әлеуметтік желілерде жарияланған, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Polisia.kz сайтындағы ақпаратқа сәйкес көп ұзамай Талғар ауданында полиция 31 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол жанармай құю бекеттерінің біріне полиция формасын киіп барғанын мойындады.

Жауап алу барысында жігіт қаладағы әскери киім дүкендерінің бірінен арнайы форманы сатып алғанын айтты. Жалған полицей қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады. Мұндай әрекеттер өз міндеттерін адал атқаратын ішкі істер органдары қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан, оларға қатаң түрде тосқауыл қойылады, - делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы