17 Қазан 2026, 08:11 Фото: Скриншот

Алматы облысында заңсыз қоқыс полигоны өртенді

Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, су үздіксіз беріліп жатыр.

Алматы облысы Талғар ауданында Бәйтерек ауылының маңындағы иесіз карьер аумағында орналасқан рұқсат етілмеген қоқыс полигонынан өрт шықты.

Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, су үздіксіз беріліп жатыр. Өртті сөндіруге екі лафеттік оқпан қолданылуда.

Арнайы техниканың көмегімен аумақты рекультивациялау және жану ошақтарын топырақпен көму жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрт оқшауланған, оны толық сөндіру жұмыстары жалғасуда.