Алматыдағы сел деңгейін төмендету жұмыстары жүргізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы Қарғалы бөгеті жарылып, Наурызбай ауданының кейбір жерін шайып кеткен сел тасқынының деңгейін төмендету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Алматы әкімнің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
"Алматы қаласының ТЖ қызметтері жағалауларды нығайту жұмыстарын жүргізуде. Бұдан өзге, мамандар сел тасқынының деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жүргізуде және оларды мегаполистен тыс жерге бұруда", - деп жазды әкімнің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов Instagram-дағы ресми парақшасында.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыдағы Қарғалы бөгеті жарылып, Наурызбай ауданының кейбір жерін сел шайды.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті сел қаупінің не себепті туындағанын айтты. ТЖД-ның хабарлауынша, оқиға орнында жағдай бірқалыпты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы