Алматы облысында үйлестіру оқу-жаттығуы өткізілді
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақбақты ауылында «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Алматы облысының ТЖД бірлесіп үйлестіру оқу-жаттығуы өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқу-жаттығудың мақсаты бойынша Балқаш ауданы Бақанас ауылындағы № 10 өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне Бақбақты ауылы маңында өзен бойына немесе әуе кемесі апатты жағдайда қонғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖ департаментінің, Апаттар медицинасы орталығының, «Қазавиаспас» АҚ, Балқаш аудандық жедел медициналық жәрдем бригадасының күштері мен құралдары жіберілді.
Оқиға орнына келгеннен кейін сағат 12-06-де Бақбақты ауылдық округінен Балқаш қаласына қарай келе жатқан, Қарағанды облысы Балқаш қаласы Бақбақты-әуеайлақ ауылының бағытын жасаған UP-EC119 маркалы тікұшақ қозғалтқыштың істен шығуына байланысты апатты жағдайда қонғаны анықталды. Нәтижесінде 4 адам, 1 экипаж мүшесі және 3 жолаушы зардап шекті.
Апат болған жерде жедел штаб құрылды.
Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті, олардың біреуі ауыр халде әуе кемесімен МИ-8 Қонаев қаласының Орталық қалалық ауруханасына, қалғандары Бақбақты ауылдық округінің жақын маңдағы ауруханасына тасымалданды.
Оқу-жаттығуға Алматы облысының ТЖД 33 қызметкері мен 7 техникасы, Қазавиалесқорғау АҚ-ның 4 қызметкері мен 1 тікұшағы, Балқаш полиция бөлімінің 5 қызметкері мен техникасы, Орталық аудандық аурухананың 3 қызметкері мен техникасы, 4 қызметкері мен техникасы жұмылдырылды.
Оқу-жаттығулар барлық жұмылдырылған қызметтердің іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға және жүргізуге, төтенше жағдайда шұғыл көмек көрсетуге дайындығын бағалауға мүмкіндік береді.
Бірлескен оқу-жаттығу басталғанға дейін қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді.