Алматы облысында үш инвестициялық жоба іске қосылмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорғанда жалпы құны 6 млрд теңгеге үш жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті.
Жаңа нысандар 2022-2023 жылдары іске қосылмақ. Ақпаратқа сәйкес, бұл мақсатта 5,99 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде 95 жұмыс орны ашылады.
Атап айтсақ, биыл 25 млн теңгеге жүн көрпе шығару кешені қолға алынады деп күтілуде. Олар айына 25 дана өнім шығарады. Сондай-ақ 2022 жылы 970 млн теңгеге астық қоймасын ашу көзделген. Оны жалпы қуаттылығы – жылына 30 мың тонна астық.
2022-2023 жылдары құрылыс саласында 5 млд теңгенің жобасы жүзеге асырылады. Қалада керамика, қаптама, қарапайым кірпіш шығаратын зауыт жұмысын бастауы мүмкін. Кәсіпорын жылына 20 млн дана өнім шығарады. Мұнда 67 адам жұмыспен қамтылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісу облысында 3 адам өрттен құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы