Алматы облысында үш ер адамнан 100 келіден астам ақбөкен мүйізі тәркіленді

4 қарашада Алматы облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері ҰҚҚД қызметкерлерімен бірлесіп үш ер адамды ұстады. Олардан 100 келіден астам ақбөкен мүйізі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктілер қамауға алынды.

Жедел жұмыс барысында ұсталғандардан 953 дана ақбөкен мүйізі тәркіленді. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) қылмыстық іс қозғалды, – деді Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Әбілғазы Төлепбергенов.

Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы