10 Маусым 2024 2024, 14:11
Фото: - архив
Алматы облысында тойға келгендер оқ атқан
Әлеуметтік желілерде қолына қару ұстап, той кезінде аспанға оқ атқандардың бейнеролигі тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желілерде қолына қару ұстап, той кезінде аспанға оқ атқандардың бейнеролигі тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Оқиға Алматы облысы, Талғар ауданындағы жеке үйлердің бірінің жанында болған.
Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қару ұстағандардың жауапқа тартылатынын атап өтті.
Құқықбұзушыларды анықтау бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр. Олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады, - делінген хабарламада.