Алматы облысында төтенше жағдай жарияланды

Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлады BAQ.KZ.

«ҚазГидроСпас» ЖШС күшімен Алматы облысы Бесағаш ауылындағы еңістің жоғарғы бөлігінде орналасқан тұрғын үйді бұзу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қабылданған шаралармен үй мен контейнердің құлау қаупі жойылды. Кранның көмегімен иілген контейнерді алып тастау және одан әрі тау баурайын нығайта отырып, кірген топырақты тазарту жоспарланған.

Облыс әкімінің төрағалығымен жоспардан тыс отырыс өткізілді және табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Шұғыл шаралар қабылдау қажеттігі туралы нақты тапсырмалар берілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы