Алматы облысында төрт адам 50 жастағы әйелді өлтірмек болған
Алматы облысында кісі өлтіруге қатысы бар 21, 23, 24 жастағы төрт күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы облысында кісі өлтіруге қатысы бар төрт күдікті ұсталды. 9 ақпанда таңертең Шонжы ауылының аудандық ауруханасына 50 жастағы А. есімді азаматша бас жарақатымен жеткізілді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Ұйғыр, Еңбекшіқазақ аудандары мен Алматыда тұратын 1999, 2001 және 2000 жылғы төрт күдікті ұсталды.
Тергеу барысында 9 ақпан сағат 04:00 шамасында белгісіз адамдар пластикалық терезе арқылы үйге кіріп, А. есімді азаматшаның басын жарақаттаған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр- деп жазды Ішкі істер министрлігінің Telegram-каналы
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 8-тармағы "Кісі өлтіруге оқталу" бойынша Ұйғыр аудандық полиция бөлімінде тіркелді.