Алматы облысында тауып алған қаруды заңсыз сақтаған азамат жазаланды

Алматы облысы Райымбек аудандық сотында атыс қаруларды, оқ-дәрілерді заңсыз иемденді, сақтады, тасымалдады деген айыппен (ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша) күдіктіге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы облыстық сотының мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың 5 шілдесінде айыпталушы атқа отырып Алматы облысы Райымбек ауданы, Жамбыл ауылдық округіне қарасты "Аққөл" жайлауында мал жайып жүрген кезінде, іннің аузынан шығып тұрған ақ түсті қапты көрген.

Қаптың ішінде ешбір құжатсыз "ВЕПРЬ-308" және "ТОЗ-8" маркалы қаруларын, 308 win калибрлі және 5,6 калибрлі қарулардың оқ-дәрілерін тауып алған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы