Алматы облысында таутеке мен түлкі фототұзаққа ілінді
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қоректеніп жүрген жануарлар фототұзаққа ілінді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау комитетінің әлеуметтік желідегі видеосы көпшіліктің назарын өзіне аударды.
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында сүтқоректілердің биоалуантүрлілігін зерттеу мақсатында фототұзақ құрылғылары орнатылды. Бұл құрылғылар жануарларды бақылау және есепке алу үшін өте тиімді құрал болып табылады. Бұл кадрлар 2024 жылы Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақтар арқылы түсірілген. Төменде Қазақстанның таулы аймағындағы жануарлар – таутеке мен түлкінің суреттері келтірілген. Әрбір тіркелген кадр табиғатымыздың байлығын және оны қорғаудың маңыздылығын еске салады. Табиғатты сақтау үшін бірге жұмыс жасайық!,- делінген жазбада.
Бейнероликтен таутекелердің шөппен қоректеніп жатқанын. Ал түлкінің су ішіп жатқан бейнесін көруге болады.