Алматы облысында сырғыма түсіп, екі үйге зақым келтірді
Алматы облыстық Төтөнше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 23 наурыз күні сағат 00:20-да Талғар ауданының Бесағаш ауылындағы «Бурабай» коттедж қалашығында ауа райының тұрақсыздығына байланысты топырақ батпақтанып, салдарынан тау баурайынан екі жеке тұрғын үйдің аумағына сырғыма түсті.
Түскен топырақ үйдің терезесін сындырып, зақым келтірді. Сырғыманың болжамды көлемі 500 текше метр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Екі үйде 9 адам тұрады, - деп хабарлады департаменттен.
Оқиға орнында арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр. Тұрғындар қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы