Алматы облысында сумен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында сумен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты. Бұл туралы «Қазсушар» РМК Алматы филиалы директорының орынбасары Бақыт Әбішев хабарлады.

Бүгінгі таңда облыстың барлық шаруасы сумен қамтамасыз етілген. Біз 132 мың гектар жерге қант қызылшасы, соя, жүгері, сондай-ақ Қаратал ауданында 500 гектар күрішпен және т.б. суару үшін 7 мыңнан астам шарт жасастық. Фермерлер қазір судың барлық көлемін, олардың өтінімдеріне сәйкес алады. Су аймақтағы өзендерде және су қоймаларында жеткілікті, - деді Бақыт Әбішев. 
Бұл ретте облыстың бірқатар ауданында суару жүйесін қайта жаңарту бойынша ИДБ (Ислам Даму Банкі) жобасы аяқталғаннан кейін суармалы жерлердің ауданы 198 мың гектарға дейін ұлғайтылатын болады.

Бақыт Несіпбайұлының айтуынша, қазір Автоматтандыру және цифрландыру бойынша бес жылдық бағдарлама әзірленді. Алматы облысының 20 каналында суды дәл есептеу үшін датчиктер орнатылады деп күтілуде. Су үнемдеу технологияларын - тамшылатып суару, жаңбырлату және т.б. енгізу мүмкіндігі де қарастырылуда, осы мақсатта қазір шаруа қожалықтарына шығу және мұндай мүмкіндікті жергілікті жерлерде зерделеу жүргізілуде.

Сондай-ақ Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы бойынша Қаратал және Көксу бөгеттерін, Панфилов ауданындағы су тартқыштарды, сондай-ақ Талдықорған қаласындағы суару арналарын реконструкциялау жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, бүгінде «Қазсушар» РМК Алматы облысындағы филиалында 700-ден астам адам жұмыс істейді. Қазір су айдындарында, өздеріңіз білетіндей, ыстық кезең, мамандар күндіз-түні жұмыс істейді, түнгі суаруды ұйымдастырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы