Алматы облысында су тасыды

Алматы облысында орын алған су тасқыны туралы ҚазАвтожолдың Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

2024 жылғы 16 шілдеде сағат 16:00 шамасында "Көкпек-Кеген-Түп" республикалық маңызы бар автожолының (ІІІ санат) 33-41 шақырымында қатты жауын салдарынан жолды төрт жақтан су басты, оның ұзындығы 100 метр, ал биіктігі 8-10 см құрады. 

Жақын елді мекен Ұзынбұлақ ауылы, Кеген ауданы, Алматы облысы. Бұл жол учаскесінің екі жерінде жұмыс істеп тұрған су өткізгіш құбырлары бар. Қазіргі таңда "ҚАЖСервис" ЖШС Алматы облыстық филиалының мамандары жасақталып, суды ағызу және уақытша жол белгілерін орнату бойынша жұмыстар атқарылды. Аталмыш шараға 5 бірлік техника мен 8 адам жеке құрамнан жұмылдырылды. Сағат 19:30-ғы жағдай бойынша су тасқыны тоқтады. Жол қозғалысына шектеу қойылған жоқ. Кезекшілік орнатылды, - делінген таратылған ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скрин
Өзгелердің жаңалығы