Алматы облысында синтетикалық есірткі жасаған зертхана анықталды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматы облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданының учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе отырып, Бөлек ауылының аумағында синтетикалық есірткі жасау зертханасын анықтады. Арнайы операция барысында 29 жастағы күдікті, Қарағанды облысының тумасы ұсталды. Тінту барысында үй аумағында шыны колбалар түріндегі шыны ыдыстар, кристалды нысандағы ақ түсті заттары бар науалар және прекурсорлары бар 15 канистр табылды, - деді ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек. 

Айтуынша, ұсталған адам есірткі өндіретін «жұмысты» ұсынған белгісіз біреумен былтыр кездескен. 

Ұсталған адам былтыр желтоқсан айының басында Telegram-каналда есірткі өндірумен байланысты жұмысты ұсынған белгісіз адаммен кездескені белгілі болды. Осыдан кейін ол келісіп, желтоқсан айының соңында облысқа келді. Қазіргі уақытта процессуалдық шешім қабылдау үшін бірқатар сараптамалар тағайындалды, - деді ведомство өкілі. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ел аумағында бір апта ішінде 3 мыңға жуық қылмыс жасалғаны туралы жазған болатынбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы