Алматының Наурызбай ауданында сел жүрді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының Наурызбай ауданындағы Қарғалы бөгеті жарылып, Наурызбай ауданының кейбір жерін сел шайды.

"14 тамызда Наурызбай ауданында сел тасқыны болды. Жергілікті тұрғындарды хабардар етіп үлгердік. Зардап шеккендерді қабылдайтын пункт пен адамдарды жинап қауіпсіз жерге көшіретін пунктілер белгіленді. Энергетика қызметтеріне электр қуаты мен газды өшіруге тапсырма берілді. Алматы қаласы бойынша ТЖ департаменті Карғалы өзенінің төменгі жағында орналасқан Әуезов және Алатау аудандарын хабардар етуде. Жақын жатқан елді мекендерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Қаланың барлық қызметі мобилизацияланды", - деді қалалық ТЖД.


Алматы әкімдігі сел жүру қаупін растап, эвакуациялық пунктілердің мекенжайларын атады:

1. Әкімдіктің ескі ғимараты. Жандосов-Рысқұлов көшелері. 

2. Шахмерденов көшесіндегі 175-мектеп

3. Жандосов-Яссауи көшесіндегі 158-мектеп

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев оқиға орнына барды. 


"Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев оқиға орнына келіп жетті. Селдің алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп жазды әкімнің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов Instagram-дағы ресми парақшасында.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы