19 Қыркүйек 2026, 11:51
Фото: ТЖМ
Алматы облысында Сәтпаев шыңынан түсіп келе жатқан үш турист адасып кетті
Құтқарушылар олардың орналасқан жерін анықтап, тауып алып, жақын маңдағы өрт сөндіру бөліміне дейін ертіп барды.
Алматы облысының Қарасай ауданында құтқарушылар Сәтпаев шыңынан түсіп келе жатып, бағытынан адасып кеткен үш туристке көмек көрсетті.
Оқиға теңіз деңгейінен 4317 метр биіктікте болған. 2007 жылы туған жастар бағытта жолды бағдарлай алмай қалғаннан кейін көмек сұраған.
Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары туристермен байланыс орнатып, олардың геолокациясын анықтады. Кейін мамандар жастарды тауып, №22 өрт сөндіру бөліміне дейін ертіп барды.
Туристерге медициналық көмек қажет болмады. Құтқарушылардың сүйемелдеуінен кейін олар үйлеріне өз бетімен қайтты.