5 Қазан 2025 2025, 22:40
Фото: Kazinform
Алматы облысында сарбаз көз жұмды
Алматы облысында шекарашы сарбаз қайтыс болды. Бұл туралы ҰҚК мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы облысында шекарашы сарбаз қайтыс болды. Бұл туралы ҰҚК мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылдың 5 қазанында Алматы облысы бойынша департаменттің медициналық қамтамасыз ету бөлімшесінде ҰҚК қатардағы Шекара қызметінің сарбазы қайтыс болды, - делінген ведомствоның хабарламасында.
Дәрігерлердің алдын ала мәліметі бойынша, өлімнің себебі менингококцемия болып табылады.
Бұл менингокок инфекциясының қауіпті түрі, онда бактериялар қанға еніп, сепсис тудырады. Ауру жедел дамиды.
Полиция тергеуді бастады, ал шекара қызметі қайғылы оқиға бойынша қызметтік тексеріс тағайындады.