Алматы облысында өрттен үш сәби қаза болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының Есік қаласында жеке тұрғын үй өртеніп, салдарынан үш бала қаза тапты. Бұл туралы Еңбекшіқазақ көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Өрт орнынан Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасына зардап шеккен 68 жастағы әйел жеткізілген.

Жағдайдың ауырлығын ескере отырып, барлық жетекші медициналық маман тартылды, дәрігерлер науқастың өмірін құтқару үшін барлық күш-жігерін салып жатыр. Бұл орны толмас қаза. Еңбекшіқазақ ауданының медицина қызметкерлері құрбандардың ата-аналарына, туған-туыстарына көңіл айтады, - делінген хабарламада.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы