20 Желтоқсан 2024 2024, 10:49
Фото: Shutterstock
Алматы облысында республикалық жолдың бір бөлігінде қозғалыс шектеледі
"Алма-тау турбазасына кіреберіс" республикалық маңызы бар автожолында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
"Алма-тау турбазасына кіреберіс" республикалық маңызы бар автожолында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы облысының Төтенше жағдайлар депараменті мәлімдеді.
"ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ Алматы облыстық филиалының хабарламасы бойынша 20 желтоқсан 7:00-ден бастап жол-метеорологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты "Алма-тау турбазасына кіреберіс" республикалық маңызы бар автожолының 0 км-ден ( Тұздыбастау ауылы) 15 км-ге дейінгі (Бесқайнар ауылы) аралығында жүк көліктері және жеңіл көліктердің қозғалыс шектелді, - деді Алматы облысы ТЖД ресми өкілі Айгерім Қанабекқызы.