Алматы облысында республикалық маңызы бар тас жол жабылды
Алматы, BAQ.KZ. Жарылыс жұмыстарына байланысты «Сарыөзек – Көктал» Республикалық маңызы бар автожол учаскесі барлық көліктер үшін жабылды. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақавтожол» ҰК Алматы облыстық филиалы жол жөндеу барысында жарылыс жұмыстары жүргізілетінін хабарлаған. Осыған байланысты «Сарыөзек – Көктал» Республикалық маңызы бар автожол учаскесі 2022 жылғы 7 маусым күні сағат 9:00-ден бастап Республикалық маңызы бар автожол учаскесі (45-86 ш.) автокөліктін барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және өз бағытын алдын ала түзетуді, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы