Кеше 2026, 23:27
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Алматы облысында құтқарушылар ағыс алып кеткен баланы аман алып шықты
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар құтқару шеңберінің көмегімен баланы жағаға аман-есен эвакуациялады.
Алматы облысында ТЖМ құтқарушылары карьердегі аралшықта қалып қойған 10 жастағы балаға көмек көрсетті.
Оқиға Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылындағы жинақтаушы карьерде болған. 2016 жылы туған бала суға шомылып жүрген кезде ағыс оны шағын аралшыққа алып кеткен. Өздігінен жағаға қайта алмаған жасөспірім көмек сұраған.
Жағдайды байқаған куәгер бірден 112 нөміріне хабар берген. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар құтқару шеңберінің көмегімен баланы жағаға аман-есен эвакуациялады.
Балаға медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ ата-аналарды балаларды су айдындары маңында қараусыз қалдырмауға және төтенше жағдай туындаған кезде дереу 112 нөміріне хабарласуға шақырады.