25 Қаңтар 2024 2024, 06:42
Фото: скрин
Алматы облысында қойма өртеніп кетті
Алматы облысында полиэтилен бұйымдарын сақтайтын қойма өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы облысында полиэтилен бұйымдарын сақтайтын қойма өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кеше таңертең тұтанған тілсіз жау әп-сәтте 3600 шаршы метр аумаққа таралған. Өртті екі сағат сөндірді.
КТК арнасының дерегінше, ТЖД-нің мамандарына өрт туралы хабарлама тым кеш түскен. Сондықтан өрт өршіп кеткен. Күш алған қызыл жалынды сөндіру де оңай болмапты. Алматы қаласы мен Алматы облысынан 18 техника мен 60-қа жуық қызметкер жұмылдырылған.
Зардап шеккен адам жоқ. Жапсарлас нысандарға да зиян тимеген. Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін деген болжам ғана бар.