30 Қазан 2026, 06:46
Фото: ТЖМ телеграм каналы
Алматы облысында қоқыс полигонынан ірі өрт шықты
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Алматы облысы Алатау қаласына қарасты Әли ауылының маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында шыққан өрт оқшауланды. Өрт аумағы 300 шаршы метрді құрады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өрт аумағы 300 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ, – делінген жұма күнгі хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиға орнында өртті толық сөндіру, қалдықтарды топырақпен жабу және аумақты қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өрттің шығу себебі анықталуда.
ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылған.