Алматы облысында қару-жарақ сақталған орын анықталды

15 қарашада Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ-ға Іле ауданының аумағында атыс қаруының сақтау орны туралы жедел ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру кезінде жасырулы қара-жарақтың нақты координаты анықталды.

Қару-жарақ қоймасы Іле ауданының Боралдай аэродромының жанындағы «Риф-Раф» мейрамханасының артындағы қойма аумағындағы қараусыз қалған будкадан табылды. Іле ауданының ПБ тергеушілері ТТ маркалы тапаншаны, патрондарды, гранатаны және бронежилетті тәркіледі. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу басталды, ол аталған бөлімшенің тергеушілеріне тапсырылды, - деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Сараптама нәтижелері қоймадан табылғандардың қылмыс жасауда пайдаланылғанын, не пайдаланылмағанын көрсетеді. Ал қарудың кімге тиесілілегін сот-баллистикалық сараптама анықтайтынын болады.

Қылмыстық іс бойынша тергеу барысын Алматы облысы ПД басшылығы бақылауға алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы