Алматы облысында қарасора өсірумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды
Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 900 килограм. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Арнайы операция барысында үш адам ұсталды. Олар жалға алған үйдің аумағында жүргізілген тінту нәтижесінде қарасора өсіруге арналған ауданы 10 соттық жылыжай табылды.
Алматы облысындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлініcінің қызметкерлері құрамында есірткісі бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысатын қылмыстық топтың қызметін тоқтатты.
2025 жылдың басынан бастап заңсыз айналымнан екі тоннадан астам есірткі, оның ішінде 120 кг синтетикалық есірткі, 600 грамм кокаин және 140 кг-нан астам гашиш тәркіленді. Есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Такси бағасы тағы қымбаттауы мүмкін
Келесі жаңалық
Отызға жуық адам суға батып бара жатқан кемеде қалып қойды
Өзгелердің жаңалығы