Алматы облысында қарақшылар 40 млн теңгені қолды еткен
Алматы облысының полицейлері қарақшылық шабуылдың барлық қатысушысын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы облысының полицейлері қарақшылық шабуылдың барлық қатысушысын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
8 қазанда Жамбыл ауданы ПБ-ға үш адамнан тұратын белгісіз қарулы адамдардың Қасымбек ауылындағы үйлердің бірінен 40 миллион теңге көлеміндегі қаражат, алтын әшекей және өзге де бағалы заттары бар сейфті ұрлап, қарақшылық шабуыл жасағаны туралы ақпарат келіп түсті.
Алматы облысы ПД бастығының нұсқауы бойынша арнайы тергеу жедел тобы құрылып, олар қысқа мерзім ішінде 41, 37 және 24 жастағы үш күдіктіні ұстады.
Дерек ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы “Қарақшылық” бойынша тіркелді. Қазір қылмысты тергеуде оның толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатындағы барлық қажетті тергеу іс-шарасы жүргізіліп жатыр, - деді Алматы облыстық ПД бастығы Бауыржан Әленов.
Істі тергеу барысы облыстық полиция бастығының жеке бақылауына алынды.
- Алматыда тұрғын үйден өрт шығып, 10 адам құтқарылды 04:26
- АҚШ-та мұнай қоры көбейіп, әлемдік нарықта баға төмендеді 03:44
- Қар, көктайғақ: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 02:52
- Брекситтен кейін Ұлыбритания мен ЕО ынтымақтастықты кеңейтпек 01:29
- Nvidia Қытайға жасанды интеллект чиптерін жеткізуді тоқтатты 00:30
- Солтүстік Қазақстанда 20 млн долларға аграрлық ғылыми орталық құрылады 18.11.2026
- Астанада Kaztraffic-2026 халықаралық көрмесі жұмысын бастады 18.11.2026