Алматы облысында қар көшкіні жүрді

Көшкін 12 наурыз күні сағат 06.05-те Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Облыстық маңызы бар автожолдың 22 және 23 шақырым арасындағы Түрген ауылында көлемі 200 текше метр аумақта қар көшкіні өздігінен жүрген.

Қар көшкіні нәтижесінде жол төсемі жабылып қалды. Түрген өзенінің арнасының су өткізуі еркін жүріп жатыр. Зардап шеккендер мен қираулар жоқ. Жағдайды бағалау және автожолды тазарту үшін Алматы облысы ТЖД-нің 2 қызметкері мен 1 техникалық бірлік, "Қазселденқорғау" ММ-нің 2 маманы мен 1 техникасы жедел келді. Қазіргі уақытта жолды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жүргізушілерге жағдайды ескеріп, көрсетілген маршрут бойынша жүруден уақытша бас тарту ұсынылады, - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Облыстың ТЖД қызметкерлері тұрғындар мен қонақтарға ескерту жасады.

Тұрақсыз ауа райы жағдайлары мен көшкін қаупі жоғары кезеңде қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Жедел ескертулерді қадағалау және қажетсіз таулы аудандарда жүруден аулақ болуды еске саламыз, - деп ескертті Алматы облысы ТЖД қызметкерлері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы облысы ТЖД
Өзгелердің жаңалығы