Алматы облысында қар көшкіні болды

Алматы облысында 9 ақпан күні Еңбекшіқазақ ауданының аумағында Түрген-Батан-Асы обсерваториясы бағытындағы облыстық автожолдың 24 шақырымында қар көшкіні болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оқыс оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Дегенмен қар көшкіні автожолды жауып тастады.

Аталған жағдайға Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті пікір білдірді.

Қар көшкіні автожолды жауып тастады. Оқиға орнына ТЖД (1 адам және 1 техника) және ТЖМ Қазселденқорғау (3 адам және 1 техника) жұмылдырылды. Жолдың осы учаскесі 2024 жылдың 1 мамырына дейін жабылғанын ресми хабарлаймыз. Оқиға салдарын жою бойынша жұмыстар басталып, барлығы ретке келтіріледі. Ешкім зардап шеккен жоқ. Бүкіл Алматы облысында профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр, - дейді ведомвоның баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы