26 Мамыр 2025, 21:50
Фото: "Қазақстан темір жолы" ҰК баспасөз қызметі
Алматы облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты
Бүгін, 26 мамыр күні Алматы облысында Достық – Бескөл теміржол учаскесіндегі күзетілмеген өткелде Toyota маркалы жеңіл автокөлік пен пойыздың қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Бүгін, 26 мамыр күні Алматы облысында Достық – Бескөл теміржол учаскесіндегі күзетілмеген өткелде Toyota маркалы жеңіл автокөлік пен пойыздың қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының мәліметінше, пойыз машинисі шұғыл тежеуді қолданғанымен, соқтығысты болдырмау мүмкін болмаған. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ.
Апат пойыз қозғалысының кестесіне кері әсерін тигізді. Қазіргі таңда оқиға бойынша Достық станциясының желілік полиция бөлімі тексеріс жүргізіп жатыр.
ҚТЖ 2025 жылдың алғашқы бес айында теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғалары 20%-ға өскенін мәлімдеп, жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға және теміржол өткелдерінде ерекше сақ болуға шақырады.
- Алматыда Абдолла Қарсақбаевтың 100 жылдығына арналған көрме ашылды 22:08
- Тоқаев АҚШ Президентінің арнайы өкілі Серджио Гормен кездесті 21:31
- Геннадий Головкин халықаралық спорт ұйымында жаңа қызметке сайланды 21:05
- Марқакөл қорығында қоңыр аю көзге түсті 20:55
- Мемлекет басшысы Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Наһаянмен кездесті 20:28
- 13 қыркүйек күні ауа райы қандай болады 20:25
- Рыбакина – Соболенко арасындағы US Open финалы: тікелей эфирді қайдан және қашан көруге болады 20:10