Алматы облысында полицейлер жас қыздың өмірін сақтап қалды
Жамбыл аудандық полиция бөлімінің "102" пультіне бейтаныс кісіден хабарлама түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қыздың айтуынша, Қарғалы ауылында тұратын құрбысы өзіне қол жұмсамақ ниетте болған.
Аталған мекен-жай бойынша шақыртуға патрульдік полиция жасағы кезекшіліктегі Ернар Құттыбаев пен Нұрбол Картанбаев барды. Оқиға орнына келген полицейлер үйдің есігі құлыптаулы екенін анықтады. Көп ойланбай, олар терезені сындырып, ішке кіруге шешім қабылдады. Бөлмелердің бірінде тәртіп сақшылар тамырларын кескен жас қызды тапты, - делінген хабарламада.
Полицейлер жәбірленушіні дереу түрде ауыр жағдайда ауылдық ауруханаға жеткізген. Бақытына орай, дәрігерлер оның жағдайын тұрақтандыра алды, қазір ол жалпы бөлімге ауыстырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қаскелеңнен Алматыға апарар жол сегіз жолақты болады
Келесі жаңалық
Сеулде полиция наразылық білдірушілерді ұстады
Өзгелердің жаңалығы