Бүгiн 2026, 14:21 Фото: pixabay.com

Алматыда өрттен сегіз адам құтқарылды

Қарғалыдағы бес қабатты үйдегі өрт кезінде ТЖМ сегіз адамды эвакуациялап, 25 тұрғын, оның ішінде алты бала өз бетінше сыртқа шыққан.

5 сәуірге қараған түні Алматы облысы Қарғалы ауылындағы Бейсеуов көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде кереует пен тұрмыстық заттар жанған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді. 

ТЖМ күштері баспалдақ маршымен сегіз адамды эвакуациялады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 25 адам, оның ішінде алты бала өз бетінше сыртқа шыққан. Өрт қысқа уақыт ішінде толық сөндірілді, – делінген хабарламада.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Астанада  Қазақстандағы басты айналу дөңгелегі өртенген туралы жаздық. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел жеткен.