Алматы облысында оқушы қызды зорлаған екі күдікті полицей ұсталды

Кәмелет жасқа толмаған қызға қатысты қылмыс жасады деген күдіктілер қамауға алынды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қонаев қаласында екі полицияның қызметкері 14 жастағы оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, оны видеоға түсіріп алғаны туралы ақпарат тарады. Аталған жағдайға Алматы облысының Полиция департаменті түсініктеме берді. 

7 қарашада полицияға Алматы облысының 43 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған қызына қатысты екі белгісіз адамның жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны туралы арызданды. Сол күні қылмыстық іс ҚР ҚК 120-бабы 3-1-бөлігінің  1-тармағы бойынша облыстық полицияда тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 2000 және 2001 жылғы күдіктілердің жеке басын анықтап, «ізін суытпай» ұстады. Полиция қызметкерлері кісі зорлады деген күдіктілерді әшкереледі, – дейді Алматы облысының Полиция департаменті. 

Тергеу нәтижелері бойынша екі полиция қызметкері қамаққа алынды. 

Жақын арада сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу аяқталып, қылмыстық істің материалдары мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілетін болады. ҚР ҚІЖК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жария етуге  жатпайды, – дейді Алматы облысының Полиция департаменті.

Бұған дейін Қонаев қаласында екі полиция қызметкері 14 жастағы оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, оны видеоға түсіріп алғаны туралы ақпарат тараған болатын.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы