Алматы облысында өгей әке үш жасар егіз қыздарды зорлап келген

Алматы облысының Балқаш ауданында 40 жастағы ер адам 9 ай бойы үш жасап екі бөбекті зорлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Криминальный Казахстан телеграм-каналындағы ақпаратқа сәйкес ер адам қыздардың анасымен бірге азаматтық некеде тұрған. Зорлық-зомбылық әрекеттерін біле тұра анасы мен әжесі ауыз ашпаған. Ер адам ешкімге тыс жырмауын сұрап, бір мүмкіндік беруді өтінген көрінеді.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қыздарға ота жасалды. Қазір олар ауруханада.

Фото: Криминальный Казахстан телеграм-каналы

Алматы облысы ПД педофилдің ұсталғанын хабарлады. Белгілі болғандай, ер адам 1982 жылғы. Ұлты қазақ.

Қылмыскер ұсталды. Оған қатысты ҚР ҚК 120-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмысы дәлелденсе, 20 жылға дейін сотталады, - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Egovpress телеграм-каналы
Өзгелердің жаңалығы