Бүгiн 2026, 18:06 Фото: видеодан скриншот

Алматы облысында мопедпен жүрген жасөспірім баланы қағып кетті

Алматы облысында мопедтегі жасөспірім бала қағып кетті. Бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Алматы облысында мопед мінген жасөспірім баланы қағып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жол-көлік оқиғасы 6 сәуір күні Қосөзен ауылында болған. Оқиға болған сәттегі видео әлеуметтік желіде тарады. 

Полиция қызметкерлері жедел түрде жол апатына қатысы бар кәмелетке толмаған баланы анықтап, полиция бөліміне жеткізген.

Полиция қызметкерлері Қосозен ауылында болған жол-көлік оқиғасына қатысы бар кәмелетке толмағандарды жедел түрде анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Мопедпен жасалған соқтығыс салдарынан зардап шеккен бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша барлық қажетті процессуалдық тексеру шаралары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің жауапкершілік дәрежесі анықталуда. Тергеу жалғасуда, - деп хабарлады Алматы облысының ПД баспасөз қызметі.

Мопедтегі жасөспірім қағып кеткен бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылған.

Еске салайық, бұған дейін Тараз көшесінде атпен шапқан бала көлікке соғылғаны хабарланды.